3.04.2019, 16:46
Қараулар: 8
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2019 жылғы 3 сәуірдегі №54-ө өкімімен Жұбаныш Таңатарұлы Хайруллин Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аудан басшысы оны ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Жұбаныш Таңатарұлы өзіне артылған сенімді ақтайтынына сендірді.

***

Хайруллин Жұбаныш Таңатарұлы 1981 жылы 3 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданының Искра ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Қызылорда экономика және құқық колледжін «Салық қаржыгері» мамандығы бойынша және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Искра ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі болып бастаған. 2004-2007 жылдар аралығында Искра ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер, Искра ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2010-2013 жылдары жеке еңбек келісімшарты бойынша міндетті арнайы тексерудің қорытындысын алған күнге дейін, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін уақытша атқару үшін қабылданып, Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне 3 ай сынақ мерімімен тағайындалған. Бөрлі ауданы Березов ауылдық округі әкімінің міндетін арнайы тексерістің оң нәтижелерін алған күнге дейін атқару үшін қабылданған. 2013-2014 жылдары Бөрлі ауданы «Ақсайжылуқуат» МКК директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары, 2014-2018 жылдар аралығында Бөрлі ауданы Березов ауылдық округі әкімінің міндетін арнайы тексерістің оң нәтижелерін алған күнге дейін атқару үшін қабылданып, Березов ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалған. 2018-2019 жылдары Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімінің орынбасары.

А.ЕСІРКЕПОВ