4.04.2019, 15:39
Қараулар: 9
Проблемалық мәселелер талқыланды

Проблемалық мәселелер талқыланды

 

Бүгін Жәнібек аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Әсел Жамантаеваның қатысуымен  жергілікті соттарда жұмыстың заманауи форматтарын және соттардың жаңа электрондық  сервистерін таныстыра отырып, баспасөз турларын және «Ашық есік» күндерін өткізуді қамтамасыз ету туралы отырыс өтті. Отырысқа аудандық экономика және қаржы бөлімінің өкілі Болат Салықов, аудандық әділет басқармасының бас маманы  Бибигүл Рахмушева, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы   Арман Түйебаев қатысып, аудандағы проблемалық мәселелерді талқылады.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ