9.04.2019, 10:58
Қараулар: 27
Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігі жөнінде

Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігі жөнінде

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  Қазақстан Республикасы Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті ұсынған тізбесіндегі  жылдық қаржылық,  аудиторлық есептілікті, қаржылық есептілік депозитариясына ұсынбаған 25 — жария мүдделі ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 239, 250 бабтарымен 15 әкімшілік іс қозғалды.

ҚР ӘҚБтК 239 бабымен  барлығы 12 хаттама 3 607,5 мың.тенгеге толтырылып 2 645,5 мың.тенгесі өндірілді.

ҚР ӘҚБтК 250 бабымен барлығы 3 хаттама 96,2 мың.тенгеге толтырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» № 1173 Қаулысы 4 тармағында, ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді.

Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Ұйымдар жыл сайын есептілігін ұсыну мерзімі  тыйым салынатын мерзімдер болып табылатындығын есептесек, есептілікті ұсыну мерзімінен кешіктіріп тапсыру әкімшілік  құқық бұзушылық жауапкершілігіне әкеліп соғады.

Жылма жыл  кейбір  ұйымдар  қайталай қаржылық есептілікті мерзімінде тапсырмағандығы үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын атап өткен жөн.

 

ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті