11.04.2019, 18:01
Қараулар: 722
Мектеп ұжымымен кездесті

Мектеп ұжымымен кездесті

 

 Жәнібек аудандық сотының аға сот приставы, бас маман Берік Төлеуов А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп  ұжымымен кездесіп, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы түсіндірді. Сондай-ақ аға сот приставы «Сот кабинеті», «Төрелік» ақпараттық сервистері, «Татуласу, сотқа дейін және сотта», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобалары  және сот үдерістерін бейнеконференция байланысы арқылы жүргізудің мүмкіншіліктері туралы айтып өтті.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ