12.04.2019, 12:06
Қараулар: 23
Волейболдан ашық турнир

Волейболдан ашық турнир

 

Бүгін Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектебінің спортзалында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуына орай білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелері арасында волейболдан ашық турнир өтті. Жарысқа №1 мектеп-лицей, Т.Жароков, А.Оразбаева, Ө.Сахипов, Х.Халиуллин, М.Ықсанов, Ғ.Абдуллин, С.Ниетқалиев, Ғ.Қараш, Ғ.Сарыбаев атындағы,  Ұзынкөл орта мектептері, қосымша білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдар және М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

 

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы