12.04.2019, 12:23
Қараулар: 635
«Көлборсыны түлеткен жан еді…»

«Көлборсыны түлеткен жан еді…»

 

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде Жәнібек еліне «Шәкең» атанған Шалгез Мұхамбетқалиев атамыздың туғанына 80 жыл толуына орай «Көлборсыны түлеткен жан еді…» атты танымдық кеш өтті. Кешке марқұмның ұл-қыздары, інісі, тума-туыстары қатысып, Шәлгез атамыз туралы естеліктерімен бөлісті. Алғысөз аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловқа берілді. Одан кейін Шалгез Мұхамбетқалиевпен кезінде жұмыстас болған Қалиолла Мұқанов, Әбухан Карин, Өтеғали Хәкімовтер сөз сөйлеп, ағамызбен өткізген күндерін сағынышпен еске алды. Кеш барысында мәдениет қызметкерлері Райымбек Кәрімов пен Тамара Кафарованың орындауында әсем әндер әуеледі. Сондай-ақ Шалгез Мұхамбетқалиевтің 80 жылдығына орай аудан ардагерлер арасында шахматтан өткен турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Гүлім Асқарқызы