13.04.2019, 10:56
Қараулар: 172
Сенбілік жалғасын табуда

Сенбілік жалғасын табуда

 

Жәнібек ауданы бойынша сәуір және мамыр айлары санитарлық-экологиялық айлық болып жариялануына байланысты, бүгін аудан орталығындағы мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері өз ғимараттарының айналасы мен  белгіленген аумақтарын тазартуға шықты. Олар мекемелердің маңын жинап, қоқыстар мен қалдықтардан арылтып, санитарлық тазалықты қалпына келтіруге бір кісідей атсалысты. Жәнібек ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Аюповтың айтуы бойынша, барлығы 60-қа жуық шыққан мекеме қызметкерлері ауыл ішіндегі күл-қоқыстарды   Жәнібек ауылдық округінің автокөлігімен полигонға шығарды. Сенбілік алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Гүлім ҚАБДОЛОВА