18.06.2019, 16:32
Қараулар: 576
БЖТ туралы түсіндірді

БЖТ туралы түсіндірді

                                 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалық етуімен жиын өтіп, оған дербес бөлімдер мен мекеме-ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу жұмыстары және бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша ақпараттық-түсіндіру туралы» мәселе қаралып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, облыстық еңбек департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Беріков, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының түсіндіру жұмыстары департаментінің басшысы Айман Қуанова, БҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің директоры Вячеслав Кожевников өз салалары бойынша хабарлама жасап, қатысушыларға аталған мәселеге байланысты кеңінен түсінік берді.

Жиынды Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

А. Құсайынов