18.06.2019, 16:59
Қараулар: 85
Әдеп жөнінде отырыс өтті

Әдеп жөнінде отырыс өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша отырыс өтіп, онда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Шолпан Қайырмұқанова, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Айгүл Қазиева, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Молдағалиев қатысып, дәрістер оқыды. Бұдан кейін әдеп жөніндегі уәкілдер Ж.Дүйсенғалиқызы мен Ш.Амангелдіқызы жеке қабылдау жүргізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арсында тренинг өткізіліп,  «Парасат» және «Бірлік» атты топтар өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде «Парасат» командасы жеңіске жетіп, алғысхатпен марапатталды.

Гүлім Асқарқызы