21.06.2019, 15:31
Қараулар: 365
Ардагерлер бас қосты

Ардагерлер бас қосты

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтауда сөйлеген сөзінен туындайтын аудан ардагерлері ұйымының міндеттері туралы дөңгелек үстел өткізілді. Онда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлықтау шарасына делегет болып қатысқандағы алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ зейнеткерлер Меңсұлу Жұмақұлова, Мертен Кенжеғалиев, ардагер-ұстаз Маржан Дегетаева, Ерназар Өтеғалиевтер сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Гүлім Қабдолова