21.06.2019, 17:07
Қараулар: 135
Кәсіби мерекелері атап өтілді

Кәсіби мерекелері атап өтілді

Елбасының Жарлығымен 23 маусым 2013 жылы «Мемлекеттік қызметшілер күні» және 2007 жылы «Қазақстан полициясы күні» болып аталып өтілуде. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік жиын өтіп, оған ауданның мемлекеттік және полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев жиылған қауымды төл мерекелерімен құттықтады.

-Мемлекеттік және ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды. Ауданымыздың қарқынды дамуы сіздердің тәжірибелеріңізге, ұмтылыс пен жігеріңізге тікелей байланысты. Өз қызметтік міндетін атқаруда адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! – деді аудан басшысы.

Мерекеге орай аудан әкімі аудан экономикасының өрлеуіне зор үлес қосқан ардагер Карл Махашевке «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағын беріп, төсбелгісін тақты. Сондай-ақ халыққа қызмет ету жолында адал еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерге түрлі деңгейде алғысхаттар табыс етілді. Нақтырақ айтсақ, Жақсыбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қабдолсамат Есқалиев пен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Мерлан Еркеғұлов облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алхысхатына ие болды. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исақовтың алғысхатымен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек Кенжеғалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлмира Дүйсенбаева және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рустам Аманғалиевтің ата-анасы Мейрам және Салтанат Аманғалиевтер марапатталды. Аудан әкімінің алғысхатына аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Айжан Мұсағалиева, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Данияр Оспан, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зульфия Оразова, учаскелік полиция инспекторы Замир Берденов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаевтың ата-анасы Серік Түйебаев пен Айсұлу Абуғалиева ие болды.

Сонымен қатар төл мерекеде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арайлым Қайыржанова мен аудан әкімі аппаратының жетекші маманы Ұшқын Ғазезов мемлекеттік қызметке кіру үшін салтанатты түрде ант қабылдады.

Кәсіби мерекеде жергілікті полиция қызметкерлері де ескерусіз қалмады. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Манарбек Қаташев бір қауым мемлекеттік қызметкерге алғысхат табыс етті. Атап айтсақ, аудан әкімі Азамат Сафималиев, Ақоба ауылдық округінің әкімі Мақсат Жаналиев, Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті Жәнібек аудандық бөлімшесінің басшысы Алтынбек Сәбитов, ішкі істер органдарының зейнеткерлері Хабидолла Дәулетқалиев, Ерсайын Махлиев және Нұрлыбек Қамашев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина марапатталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері Ұлмекен Иманқұлова мен Елдос Қарабалиевке полиция капитаны арнаулы атағы берілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері Болат Теміров, Қуаныш Жұмақаев, Эльмира Шарафетдинова, Оян Бапахов, Рустам Теміров, Болатбек Дүйсенов, Жандос Мақсотов, Әділет Әбуов алғысхаттармен марапатталды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер күніне орай өткізілген облыстық спартакиадада үстел теннисінен командалық сайыста жүлделі бірінші орын алған «Жәнібек» командасы, мүшелері Роберт Биғалиев, Нұрболат Садырбаев және Далида Акишева, отбасылық эстафета бойынша жүлделі екінші орынға ие болған Биғалиевтер отбасы және қыздар арасында волейболдан өткен облыстық жарыста үшінші орын иегерлері марапатталды.

Мерекелік шарада мәдениет қызметкерлері Шынар Каюпова, Қажымұқан Хамидолла, Еркін Ержан, Данабек Үмбетәлі, Мейрамгүл Дәулетқалиева және Нұрлыбек Жөлекенов шараға қатысушыларға әндерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ