4.07.2019, 16:58
Қараулар: 586
Құрылыс нысандарын аралады

Құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекеніне ат басын тіреп, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныс болды. «Жайықгазсуқұрылыс» ЖШС-нің басшысы Абылай Бақтығалиев атқарылып жатқан жұмыс барысының мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ өңір басшысы Қамысты ауылдық округіндегі су айдайтын стансада болды. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Төлеген Ғұмаров суару-суландыру жүйесі жұмыстарының екі жылға созылатын жоспарымен таныстырды. Оның айтуынша, магистральді арнаның ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Ресейден келетін Еділ суы санитарлық-экологиялық бағытта қолданылады.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ