5.07.2019, 15:12
Қараулар: 330
Татуласу орталығы ашылды

Татуласу орталығы ашылды

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықта ҚР-ның «Медиация туралы» 2011 жылғы  28 қаңтарда қабылданған заңына сай «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен және аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қолдауымен тұрғындар арасындағы елдің бірлігін нығайтып, азаматтық және қылмыстық істердің азаюына септігін тигізіп, неке және отбасы құқығын реттеу мақсатында Татуласу орталығының ашылу салтанаты өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық соттың төрағасы Әсел Жамантаева, ардагер-ұстаз, медиатор Бәтима Масановалар сөз сөйлеп, орталықтың ашылуымен құттықтап, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігіне, әкімдікке, билер кеңесіне алғысын білдірді. Одан кейін мәдениет қызметкері Данабек Үмбетәлінің орындауында «Тәуелсіз Қазақстан» әні шырқалды. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова бөлім атынан және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың атынан естелік сыйлықтар табыстады. Ашылу салтанатынан соң жиналған қауым ішке еніп, ақтан ауыз тиді. Және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, ардагер-ұстаздар Қабаш Жүнісов пен Болат Закарин сөз сөйлеп, орталықтың жұмысына табыс тіледі.

Гүлім Асқарқызы