9.07.2019, 12:37
Қараулар: 326
Өз өнерлерін көрсетті

Өз өнерлерін көрсетті

Жуырда Орал қаласында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында облыс әкімдігі және мәдениет басқармасының қолдауымен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Қаһарман ардагерлер» байқауы өтті. Байқауға ауданымыздан «Надежда» әжелер ансамблі қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Осыған орай аудандық ардагерлер үйінде әжелер ансамблі шараға қатысуға қолдау білдірген аудан әкімдігіне және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, сонымен қатар аудандық демалыс орталығының басшысы Алтай Бақтығалиев пен орталықтың көркемдік жетекшісі Анаргүл Ахмулдина және ардагер Сәния Ғайнөшеваға алғыстарын білдіріп, сый-сияпат ұсынды.

Лаура ХАЛИНА,

суреттерді түсірген Асылжан Тұяқов