9.07.2019, 16:17
Қараулар: 313
Жартыжылдыққа арналған брифинг

Жартыжылдыққа арналған брифинг

 

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында сот төрағасы Әсел Жамантаеваның төрағалығымен 2019 жылдың I жартыжылдығының жұмысын саралап, талдауға арналған брифинг оздырылды.

Онда Әсел Жұмағұлқызы ағымдағы жылдың өткен алты айында  атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ татуласу институтын жетілдіру, соттағы жемқорлықтың алдын алу, сот рәсімдерін оңайлату, сот актілерінің сапасын  арттыру, кассацияға қолжетімділікті ұлғайту, т.б. сөз болды.

-Азаматтық істер бойынша  6 айда 58 іс,  ал 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 66 іс қаралды. Биылғы жылдың жартыжылдық көрсеткіші бойынша 33 шешім шығарылса, былтыр бұл көрсеткіш 44-ке жетті. Сонымен қатар 11 іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде 6 іс бітімгершілік келісіммен, 5 іс медиация арқылы аяқталып, 7 талап арыз қараусыз қалдырылды, — деді сот төрағасы.

Әсел Жамантаеваның айтуынша, би кеңесінің мүшесі Бәтима Масанованың көмегімен неке бұзу туралы 3 азаматтық іс бойынша тараптар татуласып, отбасы сақталған. 3 азаматтық іс аппеляциялық  сатыда қаралып, шешімдер өзгеріссіз қалған.

Қылмыстық істер бойынша 2019 жылдың жартыжылдығында 6 қылмыстық іс қозғалған және 7 тұлғаға қатысты үкім шығарылған, олардың ішінен қоғамдық жұмысқа тартылғаны — 3, бостандықтарынан шектелгендер — 2, бас бостандығынан айрылған — 2.

Ал әкімшілік істер бойынша 2019 жылдың I жартыжылдығында 98 әкімшілік іс қаралып, соның ішінде 75 әкімшілік жаза тағайындауға қаулы шығарылса, 23 әкімшілік іс бойынша өндірістен қысқарту туралы қаулы шығарылған.  Олардың ішінде ескерту саны – 9, қамаққа алу — 17, көлік құралын басқару құқығынан айыру — 7, ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығару — 1, айыппұл жазасы — 41.

Медиация арқылы 20 әкімшілік іс аяқталып, 5 жеке қаулы шығарылған.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды.

                                                                          Гүлім Асқарқызы