10.07.2019, 12:18
Қараулар: 34
Ветеринарлар бас қосты

Ветеринарлар бас қосты

 

Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен жиналыс өтті. Оған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірхан Қонақбаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер бөлімінің басшысы Ғалымжан Шәкенов және сол бөлімнің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ақмарал Жиенбетова, сондай-ақ аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, ветеринариялық станса директорының м.а. және мамандар қатысты.

Жиналыста ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының басшысы  Еділхан Жүкеев «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бақылауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі; аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне  тіркеу нөмерлерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі; аудандық ветеринариялық станса директорының м.а. Біржан Ғұбашев «Ветеринариялық анықтамалар беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі тақырыбында  баяндамалар оқыды.

Жиналыс соңында Темірхан Мавлютұлы сөз сөйлеп, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Амангелді Телағысовты  алғысхатпен марапаттады.

Гүлім ҚАБДОЛОВА