16.07.2019, 15:15
Қараулар: 542
Ауылға арналған шара

Ауылға арналған шара

Аудандық «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауыл ел айнасы, рухани жаңғырудың  жарқын жолы» атты шара өтті.  Тұңғыш Президентіміз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделу, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіру, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді.

Шара Нарынбек Халеловтың  «Беташар» рәсімімен ашылып, шашу шашылды. Келген қонақтар киіз үйге кіріп, ақтан ауыз тиді. Сондай-ақ жиналған қауымға ерулік рәсімі көрсетіліп, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Кеш барысында лагерь қыздары «Қазақ биін» мың бұрала билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Ақжол Қадырболатов «Қазағым-ай» әнін орындады. Шара қазақтың ұлттық ойыны асық ату және арқан тартыспен аяқталды.

Лаура ХАЛИНА,

суреттерді түсірген Асылжан Тұяқов