19.07.2019, 15:43
Қараулар: 527
Діни сауат ашты

Діни сауат ашты

 

 

Аудандық мұсылмандар мешіті жанындағы діни сауат ашу орталығында Нұр-Мәбәрәк университетінің 3-курс студенті Айсауле Қитарова діни сауат ашу курсын өткізді. Оған ауданнан онға жуық  мектеп оқушылары мен қыз-келіншектер қатысып, діни білім алды. Шыңғырлау ауданының бас имамы Ринат Кенжеғалиев оларға сертификат табыстады.

Курста Құран ережелері, ақида, фиқһ, ислам ғибадаты, ислам әдебі және сияр нәби (пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірбаяны) білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру мақсатында дәрістер оқытылды, — деді Айсауле Асыланбекқызы.

Лаура ХАЛИНА