23.07.2019, 16:28
Қараулар: 498
 Семинар өткізілді

 Семинар өткізілді

 

  Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллиннің төрағалығымен семинар өтіп, оған дербес бөлімдердің, мекемелер мен ұйымдардың басшы, қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы негізінде «Цифрлы әліппе» интерактивті-ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасы іске қосылған болатын. Осыған орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Әбділманов «Цифрлы әліппе» жүйесі бойынша интерактивті оқыту семинарын өткізді. Онда ол халқымыз бағзы заманнан қолданған сына, араб, латын және кириллица әліпбиі жөнінде айта келіп, «Цифрлы әліппе» интерактивті-ақпарат жүйесі туралы бейнекөрініс арқылы кеңінен түсінік берді.

О.ҒАЛИЕВ