24.07.2019, 15:34
Қараулар: 299
Лагерьдегі кездесу

Лагерьдегі кездесу

 

Бүгін Жәнібек аудандық «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова лагерьде демалушы балалармен рухани жаңғыру  мен ислам дінінің үндесуін ұғындыру мақсатында кездесу өткізді. Онда имандылық, адамгершілік, отанды сүю, қамқорлық, үнемшілдік,  ысырапшылдыққа жол бермеу, тазалық және тағы да басқа адами қасиеттер  жөнінде түсінік берілді. Балалар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған қанағаттанарлық жауаптар алды.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ