25.07.2019, 14:58
Қараулар: 512
«Ақжайық-адалдық алаңы» — ауданымызда

«Ақжайық-адалдық алаңы» — ауданымызда

 

Атауының өзі құлаққа жағымды естілетін «Ақжайық — адалдық алаңы» жобасының негізінде ауыл-елді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп жүрген аталған жоба кеңсесінің құрамындағы өкіл мамандар Күйгенкөл ауылы мен Жәнібек ауданында болып, жергілікті билік өкілдерімен бұқара халықтың басын біріктірген жиын өткізді. Екі елді-мекен бойынша  жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық білім бер бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, аталған бөлімнің бас маманы Нұрлыбек Жакин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззат Абдолова, Жәнібек ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы  Ерсайын Құбашев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев қатысты.

Жиын барысында «Ақжайық — адалдық алаңы» жоба кеңсесінің басшысы Әлия Салиева, БҚО әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Айман Хайруллина, «Ақжайық — адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджері Мира Отарбаева аталған жобаның алда атқаратын жұмыс миссиясы туралы түсінік беріп, елдегі қарапайым азаматтардың мемлекеттік институттарына сенімін арттыру арқылы тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу арқылы қоғамның ахуалын қалыптастыру екенін түсіндіріп өтті. Жобаға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Сондай-ақ Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастырған конкурсы бойынша Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззәт Абдолова диплом және естелік сыйлықпен марапатталды.

Лаура ХАЛИНА

Гүлім ҚАБДОЛОВА