26.07.2019, 16:47
Қараулар: 693
   Айқын істер атқарылуы қажет

   Айқын істер атқарылуы қажет

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы оздырылды. Аталған комиссияның отырысын аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин ашып, жүргізді. Жиында күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерге сәйкес жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ажырасудың алдын алу бойынша  және жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің кепілді көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін азайту жөніндегі атқарған жұмыстар туралы тиісінше аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев, аудандық аурухана директорының орынбасары Алмаз Ибраимов хабарламалар жасады. Хабарламашыларға комиссия мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Отырысты қорытындылаған комиссия төрағасы Жұбаныш Таңатарұлы бұл мәселелерге байланысты нақты, айқын жұмыстар атқару керектігін, ажырасудың түпкі себеп-салдарын анықтау, жастар арасында соңғы жылдары етек алған ажырасу факторының алдын алу үшін таяу арада үйретері мол тәрбиелік-танымдық, мәдени-көпшілік  іс-міндеттер өткізу, оның сапасына жіті көңіл бөліп, мұқият назар аудару жағын  баса көрсетіп айтты.

                                                                                                             Н.Өтей