29.07.2019, 16:42
Қараулар: 629
Моршанка селосындағы фестиваль

Моршанка селосындағы фестиваль

 

 

 

 

 

Жуырда Саратов облысының Питерск ауданындағы Моршанка селосында «Питерская мельница» атты фестиваль өтті. Оған арнайы шақырумен аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев қатысты.

Жел диірмені Питерск ауданының ресми символы болып табылады. Оның құрылу тарихы тереңнен тамыр тартады. 19-ыншы ғасырдың екінші жартысында Питерск жерінде олардың саны 30-ға дейін жеткен. Содан күні бүгінге Моршанка селосындағы Дрямск бағына таяу орналасқан бір жел диірмені ғана жеткен. Питерск ауданының мәдени мұрасын сақтау мақсатында «Питерская мельница» этномәдени кешені бой көтерген. Фестиваль барысында Питерск ауданы мен Жәнібек ауданы арасындағы тығыз достық қарым-қатынастар мен мәдени байланыстар, оны алдағы уақытта да нығайтып, дамыту  жөнінде сөз болды. Шара барысында тамақ өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ