30.07.2019, 16:14
Қараулар: 93
Сертификат табыс етті

Сертификат табыс етті

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бір айға жуық созылған «Үш тұғырлы тіл» ағылшын тілін үйрету курсы өткізілді. Оған барлығы 25 аудан тұрғыны қатысты. Ағылшын курсы биыл үшінші жыл қатарынан оқытылуда. Ашылу салтанатында сөз алған аталған мекеменің бас маманы Нұрболат Садырбаев және ағылшын тілін үйрету курсының жетекшісі Фариза Батырбекова барлық қатысушыларды  құттықтап, сертификат табыс етті.

-Халықаралық тілдердің саны алтау болғанымен, ішінде ең танымалы — ағылшын тілі. Бұл тілді, әсіресе жастар меңгеруге тырысуда. Ағылшын тілін білу қазіргі заман талабы. Курста ағылшынша сөйлеу, сөйлем құрау, сұрақ қою,  грамматикалық қателерді болдырмау, бір-біріне жылы тілектер айтуды үйретіліп, әртүрлі тренингтер өткізілді,-дейді Фариза Тұрсынқызы.

Сондай-ақ шара соңында курсты аяқтаушы топ ағылшын тілін үйрету курсының жетекшісіне алғысхат табыстады.

Лаура Халина