30.07.2019, 16:46
Қараулар: 594
Алаңдағы «Ашық әкімдік»

Алаңдағы «Ашық әкімдік»

Жәнібек ауылының орталық алаңында аудан әкімі, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорындардың басшылары билік пен бұқараның байланысын арттырып, түрлі мәселелерді шешуге бағытталған аудан тұрғындарын қабылдау шарасын ұйымдастырды. Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қабылдауында болған Ақмарал Тінәлиева үйіне газ өткізу, мәселесін, Сәуле Омарова қыста үйінің терезесінен су ағатынын айтса, Күлән Құмарғалиева қызына жұмыс сұрап келді. Сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиевке Сәуле Омарова тұрғын үйіндегі істен шыққан су қыздырғыш құрылғысын жөндету, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұрлыбек Төрешовке Светлана Саханова, Есбол Мұқаев, Қуаныш Жұмағалиев жұмыс, Ақмарал Тінәлиева баласына қайтарымсыз грант жөнінде жолықты. Аудан әкімі Азамат Сафималиев қабылдауға келген азаматтар мен азаматшалардың мәселелерін шешуге қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ