30.07.2019, 16:50
Қараулар: 416
«Алтын алқасын» табыстады

«Алтын алқасын» табыстады

 

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлсім Бауединованы қабылдады. Қабылдау барысында аудан басшысы оның хал-жағдайын сұрап-біліп, еліміздің демографиясының жақсаруына қосып жатқан үлесі үшін ризашылығын білдірді, әйел бақытына бөленіп, балаларының қызығы мен қуанышын көріп, дені сау болып, ұзақ өмір сүруін тіледі. Сонан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №26 Жарлығымен марапатталған оған «Алтын алқа» алқасын куәлігімен қоса салтанатты түрде табыс етті.

А.ЕСІРКЕПОВ