1.08.2019, 18:17
Қараулар: 115
Мейірімге толы акция

Мейірімге толы акция

 

                                     

Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аудан мектептерінде «Жүректен жүрекке»  ұранымен 3 шілде-30 қыркүйек аралығында қарқынды өткізіле бастады. Акция барысында білім беру ұйымдарында  стенд түрінде  ақпараттық бұрыштарды шығару, акция таңбасы мен сенім телефоны көрсетілген билбордтарды, банерлерді және плакаттарды басып көшеге, базарлар мен сауда орталықтарында орналастыру, акция логотипі басылған арнайы плакаттар тарту жұмыстары қолға алынды.

Қазіргі таңда аудан мектептері бойынша рейд жүргізіліп, әлеуметтік санаттағы отбасы балаларының саны анықталып, демеушілік танытатын ауыл, аудан кәсіпкерлері, жанашыр жандар іздестіру жұмыстары қолға алынуда. Әр мектепте алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерімізге «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» т.б мерекелік шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Акция барысында көп балалы, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары түгелдей қамтылады.

Күні бүгін акция бастау алғалы барлығы аудан бойынша 120 оқушыға 360 000 теңгенің көмегі көрсетілді. Атап айтар болсақ, М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені бойынша аз қамтылған отбасыларынан 7 оқушыға шекара қызметкерлері,су шаруашылығы, электр торабы мекемелерінің қызметкерлері оқу құралдарынан көмектерін берді. Сондай-ақ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі бойынша акцияға демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер А.Ермегалиева, М.Сариева, З.Наурызгалиева оқушыларға көмек көрсетті
Акция барысында  тек  материалдық  көмек  көрсетіліп қана қоймай, көпшілік жан  жылуын   сыйлауды да естен шығармады. Қайы-рымдылық  жасау  әр  азаматтың  парызы  десек,  жас  ұрпақты   ізгілікке  тәрбиелеу  әр  ата-ана   мен  ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті.

Лаура ХАЛИНА