2.08.2019, 17:19
Қараулар: 604
Шөбі көптің – малы тоқ

Шөбі көптің – малы тоқ

Биыл Жәнібек ауданы бойынша 2019-2020 жылдардың мал қыстату науқанына 110900 тонна пішен дайындау жоспарланған. Содан қазіргі таңда 101500 гектар жердің шөбі шабылып, 49946 тонна өнім алынған. Яғни жоспардың орындалуы 45,0 пайызды құрап отыр. Шабындықтың әр гектарынан орта есеппен 4,6-5,0 центнерден өнім алынуда.

-Бұл өткен жылмен салыстырғанда, екі есе көп деген сөз. Табиғи шөптің шығымдылығы әр округте әркелкі. Ол қыстағы қардың қалыңдығына, көктемдегі, одан кейінгі кезеңдердегі жауын-шашынның түсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, Талов, Жақсыбай, Борсы, Тау және Қамысты ауылдық округтерінде шөптің шығымдылығы жоғары, ал Күйгенкөл, Ақоба және Ұзынкөл ауылдық округтерінде орташа болып тұр, — дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев өз сөзінде.

Аудан бойынша мал азығын дайындау науқанына 178 трактор, 135 шөп шабатын агрегат, 80 шөпті тайлап буғыш, 50 пішен маялағыш және 45 тасымал көлігі қатысуда. Алдағы мал қыстату науқанын табысты өткізу, мал басын кемітпей, оның өнімін мол өндіру – мал азығының кепілді қорын жасақтауға тікелей байланысты.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар