5.08.2019, 10:10
Қараулар: 423
Балаларға қуаныш сыйлайық

Балаларға қуаныш сыйлайық


«Мектепке жол» акциясы – оқушылардың толық  мектепке баруын қамтамасыз  етудің  үлгілі  үрдісі. Акция барысында айналамызда жомарт жандардың көп екенін көріп көңіл қуанады. Жыл сайын мектебімізге қол ұшын созатын  жандардың саны артуда. Биыл акция кезінде Аққағаз Ермеғалиева, Айсұлу Ғилмешқызы, Зәмзагүл Науырызғалиева, Мейрамгүл Сариева оқушыларға демеушілік көмек көрсетіп,  көпке үлгі болуда. Мектепке баруға асыққан балаларға қуаныш сыйлаудың өзі бір бақыт!  Адамгершілігі мол, қайырымды жандар елімізде  көп болғай!

Бағдагүл МОЛДАҒАЛИЕВА,

А.Оразбаева атындағы мектептің әлеуметтік педагогі