8.08.2019, 11:30
Қараулар: 110
Қол ұшын созды  

Қол ұшын созды  

                                                 

Әр іске жалаң ұранмен емес, жанашырлықпен қарағанға не жетсін. Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп «Жүректен жүрекке!»  ұранымен  «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру  мақсатында «Бақытты балалық шақ мекені», «Балаларға бірге көмек берейік», «Балаға мейірім сыйла» немесе «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз» атты ұранымен жұмыстанып келеді. Аталмыш акцияға орай ауыл тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде ауыл кәсіпкерлері Алмагүл Мұхамбетова, Жаннат Әбдірахманова, Альмира Досанова, Мақсот Өтепов, Райгүл Бәсерова, Меңсұлу Құрмашева, Қамысты  ауылдық округінің әкімдігі, балабақша, мәдениет, емхана қызметкерлері қол ұшын созып, демеушілік көрсетті. Мектеп директоры  Р.Мұқатов бастаған білім ұясының ұжымы да шәкірттердің жүрегіне нұр сезімін ұялату мақсатында өз үлестерін қосты. «Мектепке жол» акциясынан түскен киім-кешек пен оқу құралдары аз қамтылған және көпбалалы  отбасылардың балаларына таратылып, барлығы  45 оқушыға  жетпіс мың теңгенің көмегі берілді. Әр шаңырақтың еркесі, бал күлкілі, шырын тілді балалардан артық қандай қуаныш бар. Осындай жақсылықтан әр кезде де тыс қалмайық, белсене қатысайық!