16.08.2019, 10:08
Қараулар: 493
Аудандық ауруханада жас дәрігер

Аудандық ауруханада жас дәрігер

Аудандық аурухананың кадр бөлімінің инспекторы Замзагүл Сапарғалиеваның айтуынша, биыл аталған ауруханаға  жас дәрігер жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 6 медбике жастар практикасынан өтуде. Замзагүл Жолмұханқызы қазіргі таңда ауруханада акушер-гинеколог, хирург, онколог, офтальмолог, кардиолог, педиатр, отоларинголог дәрігер мамандарының тапшы екенін тілге тиек етті.

Күні кеше аудандық ауруханаға балалар дәрігері болып ораналасқан Әсем Теміржанова Жәнібек ауданының тумасы. 1994-2012 жылдар аралығында Т.Жароков атындағы орта мектепті тәмәмдаған. Мектепті аяқтағаннан кейін, 2012 жылы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, 2019 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша аталған оқу орнын ойдағыдай аяқтаған.

Лаура ХАЛИНА,

Суретті түсірген автор  

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар