16.08.2019, 15:25
Қараулар: 470
6 адам тұрақты жұмысқа орналасты

6 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Бүгін Жәнібек ауданының орталық алаңында аудандық халықты жұмыспен қамту және жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шарада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев сөз сөйлеп, «Қазақстан-2050» стратегиясына қысқаша тоқталып, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешовтың айтуынша, жәрмеңкеге аудандағы 23 мекемеден 54 бос жұмыс орындары ұсынылды. Одан бөлек бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға түсінік,  жастарға түрлі деңгейде кеңестер берілді.

Ұйымдастырылған жәрмеңке нәтижесінде 6 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына және 20 адам жастар тәжірибесіне жолдама алды. Қалған бос орындарға  лайықты мамандарды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ