18.08.2019, 23:53
Қараулар: 270
Сырға сатып ал да, ұтысқа ие бол!

Сырға сатып ал да, ұтысқа ие бол!

Аудандық мәдениет және демалыс саябағында «Жастар жылына» орай Жәнібек ауылының тұрғындары,  жас отбасы Аслан Боранбаев пен Перизат Смағұлова қайырымдылық жасағанды жөн көрді. Олар екі мың теңгеге сырға сату арққылы  көпшіліктің ұтыс ойынына қатысуын қамтамасыз етті. Содан түскен қаржының бір бөлігіне ерлі-зайыптылар Т.Жароков атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Айжан Жұмағалиеваға «Мектепке жол» акциясы ауқымында аталған оқушыға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу-құралдарын алып берді. Ерлі-зайыптылар облыс, аудан көлемінде көпшілікке  жүз бір сырға сату арқылы ойын кезінде бас жүлдеге айфон 5s, «Жаннат-Бақыт» сауда үйінің бренд көйлегі, SSENS компаниясының әтірі, әмияндар, екі мың және бес мың теңгеге ақшалай сертификаттар ойнатты. Ойынның қорытындысында Айда Қожасова бас жүлдеге ие болып, айфон 5s телефонын сыйлыққа алды.

-Қайырымдылық жасауда қолғабыс көрсеткен ата-енеме және сырғаларды тегін жеткізуге мүмкіндік жасаған   жұбайым Асланға ризашылығымды білдіремін,- дейді жас ана Перизат Смағұлова.

Лаура ХАЛИНА