19.08.2019, 16:17
Қараулар: 435
Үміткерлерді таныстырды

Үміткерлерді таныстырды

 

Бүгін Күйгенкөл ауылдық округінің мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов аталған ауылдық округінің жергілікті қауымдастығымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сай консультация өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары таңдалған үміткерлерді Күйгенкөл ауылдық округінің тұрғындарына таныстырды. Кандидаттар қатарында үш адам сайлауға қатыспақ. Атап айтсақ, аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Қуаныш Мақашов, аталған ауылдық округінің әкімі Әлия Оспанова мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Батырхан Өтеғалиев ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде ұсынылды. Бұл азаматтардың еңбек жолы туралы Жақсылық Каримоллаұлы ауыл тұрғындарына толық ақпарат беріп, өмірбаяндарымен таныстырып, олардың барлық талаптарға сай екенін жеткізді. Ал, күйгенкөлдіктердің атынан Ө.Сахипов атындағы орта мектептің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Гүлбарам Исентаева сөз сөйлеп, үміткерлерге ауылдың бұдан әрі де гүлдене түсуі үшін бар күш-жігерлерін салу қажеттігін айта келе, алда атқаратын қызметіне табыс тіледі.

Гүлзара МӘДИ