28.08.2019, 15:39
Қараулар: 139
Мерекеге арналды

Мерекеге арналды

 

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде Конституция күніне орай қазақ ХХ ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшелігін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу мақсатында, аудандық музей бөлімі, ардагерлер кеңесі мен аудандық орталық және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ата Заңым мемлекет айбыны» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлмира Есниязова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина қатысып, Ата Заң мерекесіне орай тілектерін білдірді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталды.  Жиын аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Шынар Каюпованың «Туған жер»  және  Қажымұқан Хамидолланың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» атты әндерімен жалғасып, аудандық балалар кітапханасының белсенді оқырмандары Гүлбар Қалихан, Данэль Досболатов, Жұлдызай Сайын мен Бексұлтан Ғаллемнің мәнерлеп оқуларымен көркемделді. Сонымен қатар, аудандық кітапхананың кітапханашысы Аида Алпысова Конституция күніне арналған кітап көрмесімен таныстырды. Сондай-ақ ардагер-ұстаз Меңсұлу Жұмақұлова Ата Заңға арнаған туындысын жиналған қауымға тарту етті. Жиын соңында мерекеге орай бильярд ойынынан ардагерлер арасында ұйымдастырылған аудандық турнирдің қорытындысы жарияланды. Нақтырақ айтсақ, Ғалымжан Шағыров, Мұхамеджан Темірәлиев, Бақтыгерей Қарашев номинацияларды алса,  Тельман Ғұсманов III орын, Ғайнөш Дегетаев II орын, Мұса Айтқалиев I  орындардан көрініп, марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жәнібек ауданы