30.08.2019, 14:37
Қараулар: 150
Жаңа қалыпқа енген мектеп

Жаңа қалыпқа енген мектеп

Бүгін Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекенінде күрделі жөндеуден кейін жаңа формат қалпындағы негізгі мектептің ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов, әкім орынбасары Жұбаныш Хайруллин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина және елді мекен тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында сөз алған Жақсылық Каримоллаұлы: -Ауданымыз жылдан жылға көркейіп келеді. Ресей Федерациясы мен облыс орталығын қатынайтын күре жолдың жөндеу жұмыстары басталды. Ауылдарыңызда былтыр медициналық пункт күрделі жөндеуден өтіп, газ кіргізілсе, бүгін, мінекей бастауыш мектептерің жөнделіп, білім күні қарсаңында ашылып отыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Символ» ЖШС-нің басшысы Есқайыр Елемесовке алғысымызды білдіреміз,- деді ол.

-Өнеге елді мекенінде туып өстім. Мектеп 1967 жылдан бері жұмысын жасауда. Менің бес перзентім осы бастауыш мектепте білім алып, қазіргі таңда үлкен азамат болды. Баршаңызды білім күнімен құттықтап, зор денсаулық тілеймін, — деді ауыл тұрғыны, зейнеткер Сақыш Татранова.

Шара барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина мектептің кітапханасына шағын сый-сияпатын ұсынды.

Жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әндер айтылып, би биленді. Оқушылар мәнерлеп өлең оқып, жиналған қауымға керемет көңіл күй сыйлады.

  Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар