3.09.2019, 18:17
Қараулар: 105
Шикізат теміржол тұйығына түсіріледі

Шикізат теміржол тұйығына түсіріледі

Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы бағытындағы күре жолды жөндеу ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей бақылауында тұр. Осыған байланысты  ауданға «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан ӘЛІПОВ, республикалық, облыстық жол және теміржол жөндеу басқармаларынан басшы-қосшылары бар бір топ адам келді. Олар аудандағы теміржол тұйықтарын аралап, «БАМ» ЖШС-і мен мұнай базасындағы 5-6-шы тұйықтардың теміржолын жөндеп, жол жөндеуге қажет шикізатты аталған тұйықтарға түсіретіні туралы айтты.  Ресей теміржолының келісімімен жөндеу жұмыстары жуық арада жүргізіліп, аяқталатын болады.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ