10.09.2019, 16:16
Қараулар: 579
Жаңа нысан бой көтеруде

Жаңа нысан бой көтеруде

Аудан әкімі Азамат Сафималиев пен Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев аудан орталығындағы Х.Чурин көшесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аталған көшенің жиегінде темір тордан қоршау жасалынуда. Жол жағасына 200 түп терек отырғызылады. Сонымен қатар, аудан, ауыл әкімдері ауданның кіре берісіндегі жаңадан бой көтергелі жатқан дене шынықтыру және сауықтыру орталығының құрылысына барды. Жаңа нысан құрылысының мердігері Батыс Қазақстан облысындағы «Марасант» ЖШС-нің Жәнібек ауданындағы құрылыс бөлімшесінің басшысы Талғат Есенбаевтың айтуынша, құрылысқа қажет цемент ерітіндісін сынамалық зертхананың қорытындысы шыққаннан кейін жұмыс жалғасатынын айтты.

Лаура ХАЛИНА