11.09.2019, 9:27
Қараулар: 330
Тротуар қолданысқа берілуде

Тротуар қолданысқа берілуде

Аудан орталығына кіре беріс тұстың оң жақ бетінде орналасқан Д.Нұрпейісова көшесіне мердігер «Символ» ЖШС-нің жұмысшылары 545 метрді құрайтын тротуарды қолданысқа берді. Бұл туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев мәлім етті. Оның айтуына қарағанда бұған қосымша аталған көшесінің сол жақ бетінде 849,6 метр жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмысы жүргізілуде. Жақын арада бұл жұмыс  аяқталып, жүргіншілер үшін пайдалануға берілмек.

-Құрылысы аяқталып, төселген тротуардың шикізаты өрнектас болса, ал салынып жатқан жүргіншілер жолының өнімі асфальт екенін айта кету керек,-деді аталған бөлім басшысы.

Лаура ХАЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар