13.09.2019, 11:17
Қараулар: 290
Кандидаттармен кездесті

Кандидаттармен кездесті

Аудандық кітапханада аудандық мәслихат депутаттарының (таңдаушылардың) қатысуымен Күйгенкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында кандидаттардың сенім білдірген өкілдері олардың өмірбаянымен таныстырды. Аталған округі әкіміне кандидаттар, атап айтқанда, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы Қуаныш Мақашов, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі Әлия Оспанова, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Батырхан Өтеғалиев өздерінің сайлауалды бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды.

Таңдаушылар тарапынан кандидаттарға сұрақтар қойылып, оған тиісті жауаптар берілді.

 

Лаура ХАЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар