17.09.2019, 11:27
Қараулар: 192
Жастарға байланысты келелі ой өрбітті

Жастарға байланысты келелі ой өрбітті

 

         БҚО тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің  ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Жастар жылы — 2019» шарасы шеңберінде  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты  дөңгелек үстел  өтті.

Шара  барысында  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, еңбек ардагері Мертен Кенжеғалиев және жас буын  өкілдері  «Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен елім, жұртым, мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс. Сонда  ғана біз өркендей аламыз ба?», «Бүгінде жастарымыз бос уақытын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр?»,  «Жастар арасындағы шешуі кезек күттірмейтін түйткілді мәселелер не деп ойлайсыздар?» деген тақырыпта ой өрбітті.