19.09.2019, 18:06
Қараулар: 196
Облыстық семинар өтті

Облыстық семинар өтті

Аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектепте «Жаңартылған білім беру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  облыстық семинары өтті. Семинардың ашылу салтанатында сөз алған облыстық оқу әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Райхан Жұмағазиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, аталған мектептің директоры Сержан Қошанов сөз сөйледі. Семинарға Тасқала, Сырым, Қаратөбе, Бөкей Ордасы, Теректі, Қазталов, Бәйтерек, Бөрлі аудандары және Орал қаласының мұғалімдері қатысты. Шара барысында аудандық саз мектебінің оқушылары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындаса, Гүлім Биғали «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» әнін шырқады. Аталған мектептің оқушылары республикалық «Биде шектеу жоқ» атты байқаудың бас жүлдегері «Інжу» бишілер тобы «Томирис» биімен көрерменнің қошеметіне бөленді. Облыстық семинарда Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің және №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шеберлік класын өткізді.  Аудандық өлкетану музейінде өткен «Жәнібекті соғыс өрті шарпыған, Батырыңдай ұрпақ өссін артыңнан» атты «жанды» сабақта меймандар аудан тарихымен танысты. Семинар мектеп оқушыларының концертімен аяқталды.