20.09.2019, 16:51
Қараулар: 430
Сотталғандар қоғамнан тысқары қалмауға тиіс

Сотталғандар қоғамнан тысқары қалмауға тиіс

Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға және пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп, оған аталған орган мүшелері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов, Қамысты ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қарақұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, Талов ауылдық округінің әкімі Балым Коняева баян етті. Хабарлама жасағандарға отырысқа қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Таңатарұлы күн тәрбіндегі мәселелерді жергілікті жердегі ақсақалдар алқасында тыңдап, талқылау, сондай-ақ шартты түрде сотталғандарды өз кәсібін ашуға бейімдеп, кәсіпкерлік саласына тарту туралы нақтылы пікірін айтты.

         Н.Өтей

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар