23.09.2019, 11:13
Қараулар: 232
Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

 

Мемлекет және қоғам қайраткері Рахметолла Егізбаевтың 95 жылдығына орай Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінде күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан пайдалануға берілген фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, замануи қондырғылармен жабдықталған сауықтыру орталығында емделушілер саны аз болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ол, жөндеуге атсалысқан «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-ның басшылығына алғысын білдірді.

Өз кезегінде Рахметолла Сүйіндікұлының қарындасы Айжан Егізбаева ауылының жылдан жылға көркейіп, дамып келе жатқанын айтып, мекемеге теледидар, кәсіпкер Шайхолла Дишенов дыбыс күшейткіш табыс етті.

Күрделі жөндеуден өткен нысанның лентасы қиылып, шашу шашылды.

Айта кету керек, бюджеттен 16 миллионға жуық ақша жұмсалып, құрылысқа аталған елді мекеннен екі тұрғын жұмысқа тартылды.

Гүлзара МӘДИ