23.09.2019, 12:00
Қараулар: 414
III аймақаралық турнир өтті

III аймақаралық турнир өтті

 

Жуырда Орал қаласында қол күресінен жас жеткіншектер мен қыздар, жасөспірімдер мен қыздар және ерлер мен қыздар арасында III аймақаралық турнир өтті. Турнирге Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Жаңақала, Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Ақжайық, Теректі, Тасқала, Жәнібек аудандары және Орал қаласының спортшылары қатысты. Чемпионатқа Жәнібек ауданынан  қатысқан спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтсақ, 36, 70, 75, +75, 80, +80, абсолюттік салмақ дәрежесінде Арсен Ғиззатов-I, Алтынбек Ислямов-I, Рахат Көшкенғали- III, Айдарбек Артықов-III, Дулат Рахатов-II, Әділет Сәлімжанов-I,II орындарды иемденді. Жеңімпаздарға медальдар,  дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар