25.09.2019, 15:12
Қараулар: 367
Ауылға келді жас маман

Ауылға келді жас маман

Ел ертеңі болып саналатын жастардың қоғамда алатын орны ерекше. Қаладан шалғай орналасқан, ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасы көбеюде. Десек те, алғыр, парасатты, білімді жастардың ауыл өміріне араласуы құптарлық іс. Солардың бірі 22 жастағы Сұлтан Қазыбеков. Ол Борсы ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты.

-Оқу бітіргеннен кейін бір жыл шамасында облыстық орталық жедел жәрдемде жұмыс істедім. Елбасының өзі «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, дағдарыс жағдайында бізді асырайтын ауыл» деп айтқан. Сол себепті ауылдық жерді көркейтуге, дамытуға өз үлесімді қосқым келеді,- деді жас маман.

Борсы ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекқалиеваның айтуынша, қазіргі таңда аталған округтің фельдшерлік-акушерлік пунктінде бір фельдшер, екі  медбике, бір акушер, жүргізуші және төрт техникалық қызметкер бар.

Гүлзара МӘДИ