27.09.2019, 15:29
Қараулар: 190
Облыстық «Жастар барысы-2019» сайысы

Облыстық «Жастар барысы-2019» сайысы

Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен БҚО жастар саясаты қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен облыстық «Жастар барысы-2019» сайысы өтті. Аудандық мәдениет үйінің фойесінде спортшыларға пресс конференция өткізілді. Жарысқа Ақжайық, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Шыңғырлау, Қазталов, Жәнібек аудандары және Орал қаласының палуандары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов жарысқа қатысушы  палуандарға асқан шеберлік көрсетіп, көрермендерге жақсы әсер сыйлап, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.  Жарыстың қорытындысында 70 келі салмақ дәрежесінде I, II, III орындарға тиісінше Назарбек Құрақов (Бөкей Ордасы), Сержан Лұқпанов (Қазталов), Серік Джамитов (Орал) ие болды.  +70 келі салмақ дәрежесінде I, II, III орындарды Жанболат Шайдулиев (Ақжайық), Олжас Құбашев (Бөкей Ордасы), Мейрамбек Малдыбаев (Жаңақала) өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, белбеу және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар