30.09.2019, 15:57
Қараулар: 130
Шағын футболдан турнир

Шағын футболдан турнир

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Харекет» қайырымдылық қорының 2 жыл толуына орай шағын футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа Талов, Борсы, Қамысты ауылдық округінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, Батыс Қазақстан облысы «Харекет» қайырымдылық қорының директорының орынбасары Нұрсұлтан Қабаев сөз сөйледі.

-«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған болатын. Содан бері халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін сатып алып беруде,- деді Нұрсұлтан Жақсылықұлы.

Жарыстың қорытындысы нәтижесінде I, II, III орындарды сәйкесінше Қамысты, Талов, Борсы ауылдық округтерінің командалары өзара бөлісті. Жарыстың өтетіні жөнінде барлық ауылдық округтерге алдын ала хабарланса да, ауданның басқа ауылдық округтерден командалардың қатыспағаны өкінішті-ақ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар