1.10.2019, 15:43
Қараулар: 118
Қариялар күніне арналды

Қариялар күніне арналды

Аудандық мәдениет үйінде қариялар күні мерекесіне орай «Қариясын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтті.

Мерекеге жиналған жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сахна шымылдығын «Ауылым сені сағындым» әнімен Қажымұқан Хамидолла ашты. Мерекелік шарада «Ақниет», «Надежда» әжелер ансамблі «Желсіз түнде жарық-ай», «Бабушки-старушки», «Туған ел», Гүлсара Өтешева «Қайран жастық», Мейрамгүл Дәулетқалиева «Асыл ана», Клара Темірәлиева, Асылғаным Буршина «Дедімай-ау», Ислям Әміров «Дариғай», Нұржиян Күншығарова «Бір бала», Шынар Қаюпова, Райымбек Кәрімов «Әке-Ана» әнін орындаса, Меңсұлу Жұмақұлова ардагерлерге арнау өлеңін мәнерлеп оқыды.

Кеш  Елеусін Зинуллиннің орындауында «Ерке сылқым» күйімен аяқталды.

Лаура ХАЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар