3.10.2019, 15:48
Қараулар: 427
Ардагер ұстаздарды құттықтады

Ардагер ұстаздарды құттықтады

 

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай  дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина және ардагер ұстаздар қатысты.

Шарада ардагер ұстаздардың естелік суреттері  слайд арқылы жұртшылыққа ұсынылды. Жиналған ардагер мұғалімдер қызмет жасаған уақыттағы естеліктерімен бөлісті.

Басқосуда ардагер ұстаз Хатима Құбаева барша мұғалімдер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол сонымен қатар Б.Жәнекешев атындағы көшеде ардагер ұстаздардың көпшілігі тұратынын айтып, сол көшеге қатқыл табанды жол төселсе деген ұсынысын айтты.

-Біздің аудан мұғалімдерінің басқа аудан мұғалімдерімен салыстырғанда  білім деңгейі жоғары. Сондықтан оларға ағарту саласы бойынша төсбелгілер мен  марапаттаулар көптеп берілсе деген пікірімді білдіремін,- деді ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов.

Шара соңында жиналған ардагер ұстаздарға шағын сый-сияпаттар табысталды.

Лаура ХАЛИНА,

Суретті түсірген Асылжан ТҰЯҚОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар